Ұлттық ономастика – мемлекеттің мәдени-рухани танымынан бастап, шекарасының тұтастығына дейінгі ауқымдағы әртарапты орасан зор мәселелерді қамтиды. Ономастикалық электрондық қорды ашудың негізгі мақсаты – еліміздің өңірлеріндегі көше, елді-мекен, мекемелер мен түрлі нысандарға берілген атауларды жинақтау арқылы қазақ ономастикасының біртұтас жүйесін жасау. Бұл электронды қор ономастика саласындағы қордаланған мәселелерді шешудің бір тетігі болады деп күтілуде.